Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызу үшін 4 миллион теңге берген»: Түркістан облысында әйел алаяққа алданды

0 248

Түркістан қаласының тұрғыны қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастырамын деп 4 миллион теңге беріп, алаяққа алданып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.

Әйел арманындағы жұмысқа қызын орналастыру үшін 4 миллион теңге беруге дайын болған. Сөйтіп өзі танитын ер адамға қаражатты ұсынған. Азамат та өз кезегінде жұмысқа тұрғызатынын уәде еткен. Ер адам біраз уақыт хабарсыз кеткен соң, әйел өзінің алданып қалғанын түсінген.

2 жылдан кейін әйел полициядан көмек сұраған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Күдікті ҰҚК-мен байланысы жоқ, жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.