Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлтаралық достық дәріптелді

0 197

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты ұлтаралық байқау өтті.

Болашақ ұрпақты ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін, тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеуді мақсат тұтқан сайысқа №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларының арасынан қазақ, орыс, әзірбайжан, украин сынды 4 ұлт өкілі қатысты.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Нақты айтқанда, қатысушылар таныстыру, салт-дәстүр, мақал-мәтел, өзге мемлекеттердің туын табу және өз өнерлерін ортаға салу бойынша бақ сынады.
Байқау нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломмен Айсана Сағындық, ІІ дәрежелі дипломмен Данил Свердюк, ІІІ дәрежелі дипломмен Евгений Садаев марапатталды. Сондай-ақ Лора Ахмедова арнайы Алғыс хатқа ие болды.

Аман Есен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.