Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ұлт саулығы сынға түскен сәтте халқымызды

0 521

сабырлыққа, шыдамдылыққа шақырған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын үлкен тебіреніспен қабылдадық.

Мақалада барша адамзатқа қауіп- қатер төндірген коронавирус дертіне әлем мемлекеттерімен бірге Қазақстан да бірлесе дауа іздеп, қауіпті дерттің алдын-алуға тиісті сақтық шараларын жасап, бүгінгі заманның ақыл-ойы мен ғылым – білімінің жетістігін жұмылдырып, ынтымақтаса әрекет етіп жатқандығы айтылады. Тәуелсіздік жылдары Елбасымыз ұстанған әлемнің барлық мемлекеттерімен келісім мен достыққа негізделген салиқалы саясаттың арқасында біздің еліміз іргелес елдің бәрімен тату қарым –қатынас орнатты. Қазақстан мен дүниежүзі мемлекеттері арасында экономикалық ынтымақтастық нығайды. «Достықты достық шақырады» деген ұлы Абай атамыздың дана қағидасын басшылыққа алған Елбасымыздың бірігу мен бірлесуге негізделіп жүргізген саясатының бірден-бір дұрыс жол екендігін өмір қазіргі жағдайда көрсетіп отыр. Елбасымыздың бастамасымен ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қорды үнемді пайдалану бүгінгідей сын сағатта елімізге мол мүмкіндіктер туғызуда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық әлеуметтік топтарға, кәсіпкерлерге, ауыл шарушылығы саласына көрсетілетін алуан түрлі көмек туралы халыққа арнаған мәлімдемесінде жария етті. Мемлекет тарапынан көмекке, қолдауға мұқтаж азаматтарға қажетті жағдайлар жасалуда. Ендігі кезекте жергілікті атқару органдары нақты жоспармен, тәртіппен, үйлесіммен әрекет етсе, уақытша қиындықты жеңіп шығуға болады. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі. Елбасымыз «Әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі. Дәл осы тұста бәрімізге халқымыздың әрдайым үлкенге – құрмет көрсетіп, кішіге – қамқор болатын абзал қасиеттері септігін тигізеді» деген сенім білдіреді. Рухы мықты, өзіне сенімді адамды қиындықтар шынықтырады. Елбасы өз сөзін алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнап, халықты ынтымаққа, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануды үндеуге шақырады. Мақалада Елбасы осы бір қиын қыстау кезде еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын, ұлт денсаулығы үшін мемлекет тиісті шараның барлығын атқаратынын атап көрсетті. Елбасымыздың дана да дархан халқына жолдаған ақ тілеулі сөздері бәрімізге күш-қуат беріп, сын сағатта бірлігі берік жұрт болып қиындықты бірге жеңетінімізге зор сенім артады. Біз біргеміз!

Орынбаева Жанар Рымбековна – Тараз қалалық мәслихатының депутаты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.