1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Ұлт-ұлысқа орталық үй – Қазақстан» тақырыбында әдеби променад өтті.
Іс-шараға Жамбыл облыстық «Манас-Ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Меңдібаев Абзалбек Ахметұлы, Жамбыл облыстық ҚХА Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, облыстық «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің мүшесі Плетнева Аракси Ваграмовна, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің жетекші сарапшысы Исмаилова Замана Назимгызы, Дарынды балаларға арналған мамандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының түрік тілі мұғалімі Кудрет Онел Юнусұлы, №2 орта мектептің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Осенняя Вера Михайловна, №3 мектеп лицейінің тарих пәні мұғалімі Баймуханова Айгерім Мәлікқызы, 9 сынып оқушысы Тойлибаева Элдана Алишерқызы, Тараз қалалық Жастар орталығының қызметкері, тарихшы Әшірхан Құттыбек, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл ауданы бойынша Шекара қызметінің сарбаздары мен жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Қазақ халқына ұлт өкілдері жылы лебіздерін білдіріп, №2 орта мектептің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
