Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Өлімнен аман қалдым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі жайлы айтты (ВИДЕО)

0 679

Мәжілістің экс-депутаты Бекболат Тілеухан  тележүргізуші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жеке өмірі жайлы айтты деп хабарлады turkystan.kz «Адырна» порталына сілтеме жасап.

«Мен ресми түрде 2021 жылдың желтоқсанның 29-ы күні Парламенттен кеттім. Сол кездегі спикер Нығматуллин “Бекболат Тілеуханға рақмет айтамыз. Стамбулға кетіп бара жатыр” деді. Қазір Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясында Біләл Ердоғанның орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін», – дейді Бекболат Тілеухан.

Экс шенеунік осы күнге дейін жиған-тергенің халықпен бөлісетінін жеткізді.

«60-қа қарай бет алдық. 57-ге аяқ бастым. Абайдың жасына 2-3-ақ жылым қалды. Енді осындай кезде денсаулықты түгендеудемін. Қайраткерлігімді өте ерте бастаған адаммын. Көргенім көп. Біраз қызықты көрдім. Енді осының бәрін жазу керек. Елдің бәрі бұл жерден  ғибрат алу керек. Қателік болды. Артықшылығымыз болды. Кемшілігіміз болды. Алла Тағаланың маған бергені көп қой негізі. Сол берген нәрсені халыққа еселеп қайтаруымыз керек. Қолда мүмкіндігіміз бар, қабілетіміз бар, білгеніміз бар… Осыны бөліспесек, осыны жақсылап тұрып реттеп бермесек… Жас та біраз жерге жетті», – дейді ол.

Бекболат Тілеухан өлімнен аман қалғанын еске алып, бұрынғы өміріне баға берді.

«Мен 2020 жылдың 10-12 маусым күні өлімнің табалдырығын аттап, бұл дүниеге кері қайттым. Мен ковидтан өлдім деп ойлаған едім. 78 пайыз өкпе қабынған еді. Қоштасып, мирасымды айтып қайтып келгеннен кейін мүлдем басқа ой келді. Кейбір нәрсеге жала жауып жанды қинап жатқан кезде қазір күлкім келеді сол кезде өліп қалсам не болар еді деп. Жиған-тергенім көп. Парламентте отырасың, саясатпен айналысасың… Мұның бәрі өткінші нәрсе екен. Негізі артында қалатын нәрсе – сенің творчестволық мұраң. Қазаққа керегі де сол екен», – дейді Тілеухан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.