Танымал әнші Бейбіт Сейдуалиева әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің есімі жазылған Тараз қаласындағы ескерткіш тақтаны көрсетті.
Әнші есімінің ескерткіш тақтаға жазылғанын оның жолдасы Тоқтар Серіков те қолдап отыр.
«Дұрыс, шыққан перзентін қастерлеп, құрметтеп жатқан облысқа алғысымыз шексіз, қай облыс болсын өнердегі, спорттағы, жалпы құрметті азаматты осылай дәріптеу керек. Басқа облыстарға үлгі болатын дүние. Өте керемет жасалған», – дейді әншінің күйеуі Тоқтар Серіков.