Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік желіде танысқан: 36 шөбересі бар 74 жастағы әже 27 жастағы жігітпен көңіл жарастырған

0 513

74 жастағы Кэти Дженкинс пен 27 жастағы Девон Обри Adult Friend Finder қосымшасында танысқаннан кейін отау құрды. Олар өздерінің қарым-қатынастарының шынайы және берік екенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail порталына сілтеме жасап.

Екі “жас” бірін-бірі танысу желісі арқы тапқан. Олардың қарым-қатынасы үлкен махаббатқа айналып, қазір жұп үйлену тойын жоспарлап отыр.

Девон 74 жастағы әйелге деген сезімінің шынайы екеніні білгендіктен, бір жыл бұрын қарым-қатынастарын ресми түрде жариялаған.

«Біз AFF қосымшасында таныстық. Бұл жерден ешқайсысымыз маңызды қарым-қатынас іздемедік. Мен оның суретін кездестірдім, бұл оның кеудесінің суреті еді. Оның профилін оқып, хабарлама жібердім. Ол да желіде онлайн режимде отырған екен. Дереу жауап берді. Кейін нөмірін сұрадым, маған берді. Біз сол түні біраз сөйлестік», – дейді ер адам.

Ғашықтар кездеспей тұрып төрт ай бойы сөйлескен. Өйткені Кэти Девоннан екі сағаттық жерде тұрыпты.

Кэти жігітін алғыс айту күніне шақырып, кейіннен ғашықтар қарым-қатынастары туралы ресми түрде мәлімдеген.

Әйел ешқашан тұрмыста болмаған, бірақ оның төрт баласы, 13 немересі және 36 шөбересі бар көрінеді.

Девонның балалары жоқ, бірақ ол бұрын 24 жасында үйленген. Бірақ Кэтимен таныспай тұрып 2021 жылы ажырасқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.