Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтік жәрдемақы тиімді жұмсалуы тиіс

0 532

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты жылдан жылға жақсарып келеді. Бұл әрине межелі міндет пен тындырымды тірліктің нәтижесі деп білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті жолдауында да әлеуметтік ахуалға айрықша мән беріп отыр. Президент әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі жандарға тағайындалатын әлеуметтік көмекті көмекті тиімді үлестіруге шақырды. Расында бұл мәселеде біраз олқылықтардың бары жасырын емес. Өкінішке қарай, қоғамда жұмысқа қабілетті бола тұра, қит етсе, әкімдікке қол жайып отыратын азаматтар да бар. Олар көмекке мұқтаж жандармен қатар тұрса, қиынның-қиыны сонда болмай ма? Олай болса әлеуметтік көмекке шын мұқтаж жандардың ахуалы қалай болмақ? Президент бұл мәселенің ұрпақ тәрбиесіне де әсер етуі мүмкін екенін еске салып, түбегейлі өзгеріс қажет екенін алға тартып отыр. Бұл әрине өркениетті қоғамның дамуына оң ықпал еді деп есептейміз.

Людмила Чекалина,

Тараз қаласы ардагерлер кеңесінің мүшесі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.