Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әлеуметтің әлеуеті артады

0 216

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Жамбыл ауданы Қарасу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.
Өткен жылы облыстағы түрлі деңгейдегі әкімдердің 1 200-ден астам кездесуі өтсе, ағымдағы жылдың алты айында 833 кездесу ұйымдастырылған. Оның 73-і облыс әкімінің қатысуымен өткен.
Басқосуда әуелі әкімдердің тұрғындармен кездесуінің мақсатына тоқталған аймақ басшысы осы көрсеткіштерді тілге тиек етіп, суармалы су мәселесін шешу жолдарына назар аудартты.
– Ауданда биыл ауыл шаруа-шылығы бойынша ауқымды жұмыс-тар атқарылуда. Алайда көріп отыр-ғанымыздай, жыл сайын ағын су тапшылығы күрделеніп келеді. Осы орайда су үнемдеу технологияларын енгізу, ұңғыма қазу жұмыстарына барынша көңіл бөлу маңызды. Ол үшін шығындардың елу пайызына дейін мемлекеттен субсидия беру тетігі қарастырылған. Бүгінгі таңда облыс бойынша 57 мың гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару қондырғылары енгізілген. Бұл республикалық көрсеткіштің 20 пайызын құрайды. Біздің негізгі мақ- сат – тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру. Осы орайда жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты» жобасымен 2025 жылға қарай облыстағы барлық ауылдық округ қамтылады, – деді Нұржан Нұржігітов.
Өз кезегінде ауылдықтар жаңа Шайдана ауылына жаңа мектеп салу, жайылым тапшылығы секілді көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді көтерді. Аталған елді мекенде жаңа орта мектептің құрылысы келер жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын болды.
Облыс әкімі жайылым мәселесін шешудегі бес бағытқа жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді.
Аймақ басшысы жайылым тапшылығын шешу және «Ауыл аманаты» жобасының шарттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен жүргізілген жұмыстың әлсіздігін сынға алып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар ауылдықтарды жергілікті билікке сенім артып, ортақ жауапкершілікті сезінуге шақырған Нұржан Нұржігітов заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығын баса айтты.
Дәл осындай форматтағы кездесу Жамбыл ауылдық округінде де өтті.
Аймақ басшысы тұрғындар тарапынан қойылған интернет, жарықтың жиі өшуі, өрістегі малдарды кене басуы, қоғамдық көліктің жүруін кешкі 10-ға дейін ұзарту, қоқыс шығару, жол жөндеуге қатысты сауалдарға облыстық деңгейде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді.
– Аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары халықпен жиі кездесіп, өтініштерін тыңдап, мәселелерін шешуге күш салу керек. Кері байланыс болмай, кабинетте отырып мәселе шешілмейді. Түсіндіру жұмыстарының жоқтығынан жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер қордаланып қалған. Қайталап айтамын, ауыл әкімдігіне жұмысқа деген жаңаша көзқарас керек, – деген Нұржан Нұржігітов жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.