Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Коронавирустан құтылатын күн жақындап қалды»: Вирусолог жаңа штамм туралы айтты

0 282

Жаңа “омикрон” штаммына қатысты пікір білдірген сарапшылар, вирустың тез таралуы пандемияны тоқтатуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал ресейлік вирусолог Петр Чумаков, «омикрон» штаммымен ауырып жазылғандардың, коронавируспен қайта ауырмауы мүмкін екенін айтады. Яғни ағзада төзімді антидене қалыптасады.

Ал, профессор Альштейннің болжамы бойынша вирустың толығымен кететін күні жақын. COVID-19-дың бұл штаммымен пандемия аяқталады деп  болжайды.

“Егер вирус елге келіп, тез тарала бастаса, бұл пандемияның аяқталғанын білдіреді. Себебі бұл вирустың генетикалық тұрақсыздығына жеткізіп, оның нашарлауына әкеледі”, – дейді вирусолог, медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн.

Қазір ел ішінде жағдай тұрақты. 12 қарашадан бері «Pfizer» екпесін ел бойынша 138 мыңға таяу адам салдырды. Олардың көпшілігі жасөспірімдер. Жүкті әйелдер мен емізулі аналардың арасында белсенділік байқалмайды.

Ақылы вакцина туралы министрлік ақпарат беруден тартынды. Алексей Цой «Pfizer» компаниясымен коммерциялық сегменттер бойынша келісімшарт қанша уақыт жүргізілетінін дөп басып айта алмады. Сондай-ақ, ол алдағы мереке күндері халық көп шоғырланатын орындарда санитарлық талаптарды сақтауды қатаң ескертеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.