Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирустан кейінгі оңалту

0 570

Жуырда өкпенің созылмалы ауруына қарсы күрес күніне орай облыстық оңалту орталығында тыныс алу гимнастикасына арналған іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – COVID-19 дертімен күресті жандандыру және оны болдырмау жолдары мен сақтық шараларын жүзеге асыру. Ал ауру барысы мен оның алдын алу үшін жасалатын ең маңызды әрі пайдалы әдістердің бірі – тыныс алу гимнастикасы. Адамзаттың өкпесін ашу мақсатында жасалатын бұл жаттығулардың пайдасы орасан зор көрінеді.
Осы мақсатта барлық емделушілер арасында толыққанды бір күндік жаппай тыныс алу гимнастикасы ұйымдастырылды. Шара барысында дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге тыныс алу жолдарының барлық ағзалары мен олардың ауруларына арналған жекелеген және жалпы дене жаттығулары жасалды.
Жоғарыда айтылғандай, жалпы коронавирустық инфекцияны емдеудегі ең негізгі ем түрінің бірі – тыныс алу гимнастикасын жасау. Ал тыныс алу гимнастикасы дегеніміз – ағзамыздың толыққанды оттегімен қанығып, организмге сергектік пен түрлі аурулардан арылуға көмек беретін ең басты әрі қарапайым ем түрі.
Облыстық оңалту орталығында COVID-19 дертінен кейінгі оңалу бөлімшесі бар. Бөлімшеде науқастарға ең әуелі осы ем түрі ұсынылады. Науқастардың денсаулық жағдайларына байланысты оларға топтық және жекелей тыныс алуды орындау тағайындалады. Емдік дене шынықтыру нұсқаушысы белгілі уақытпен өз сабақтарын жүргізеді. Сабақ топтық деңгейде жалпы дене жаттығуларынан бастау алып, арнайы дем алу жолдарымен қоса диафрагмалық және жалпы өкпемен тыныс алу жолдарына арналған жаттығулармен толықтырылады. Сонымен қатар гимнастика соңында дыбыс терапиясы Цигун орындалады.
Жеке тыныс алу жаттығулары – нұсқаушыға арнайы бақылау және науқас жағдайын бағалап, оны баяндау үшін жекелеген элементтермен орындалатын емнің бір түрі. Мұндай жағдайда науқастың жеке жай-күйі басты назарға алынады. Мысалы, жүрек аурулары, өзіндік жеке төзбеушілік, мүгедектік, жүйке жүйесінің аурулары сонымен қатар төсек режиміндегі адамдарға жекелей түрде ұсынылған емдік тыныс алу жаттығуларының тигізер септігі зор.
Бұл гимнастика сақтық шараларын қатаң түрде сақтай отыра емделушінің палатасында немесе емдік дене шынықтыру кабинеттерінде өтеді. Нұсқаушы жекелей бағалай отырып, өсу динамикасы туралы күндік есептерін жүргізіп, дәрігерге баяндап отырады. Топтық және арнайы жеке сабақтарда емделушілерге психологиялық түрде қолдаулар көрсетіледі. Яғни олардың сауығып кетуі үшін барлық жағдай жасалады.

Лаура Абайқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.