Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды

40 950 адам коронавирус инфекциясынан (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-) емделіп жатыр.

0 182

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 28 адам көз жұмды, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, 25 адам коронавирустан, үш адам пневмониядан қайтыс болған.

7 қарашадағы мәлімет бойынша, 40 950 адам коронавирус инфекциясынан (35 586 КВИ+ және 5 364 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 7 401 пациент стационарда,
  • 33 549 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  558 адамның жағдайы ауыр,
  •  142 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  115 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 7 қарашасындағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 403 514 адам, 2-компонентін 7 666 718 адам салдырған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.