Қалалық қоғамдық-саяси газет

Коронавирусқа қарсы төрт рет вакцина алған Pfizer басшысы коронавирус жұқтырған

0 130

Pfizer-BioNTech коронавирустық вакцинасының төрт дозасын алған Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен коронавирусқа тапсырған сынамамоң нәтиже көрсеткенін хабарлаймын. Мен Pfizer-BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма қуаныштымын, өзімді жақсы сезініп тұрмын, соның өзінде аурудың жеңіл белгілері бар», – деді Бурла Twitter-де.

Ол өзін-өзі оқшаулағанын, Paxlovid препаратымен емделіп жатқанын және жақын арада сауығып кететініне сенімді екенін атап өтті.

Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің COVID-19-ға қарсы дәл осындай препаратпен емделгені хабарланған болатын.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, эпидемия басталғаннан бері АҚШ-та 92 миллионнан астам коронавирус инфекциясы және бір миллионнан астам адам қайтыс болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.