Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Конституциялық өзгерістер – демократия кепілі

0 44

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ұлы дала кітапханасында «Конституциялық өзгерістер – демократия кепілі» атты пікірталас алаңы өтті.

Іс-шараға 30-ға жуық жас қатысып, елдегі конституциялық реформалардың маңызы, олардың қоғам өміріне тигізетін оң әсері және демократиялық құндылықтарды нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Пікірталас барысында қатысушылар өз ой-пікірлерін ашық айтып, ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу барысында Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндіріліп, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыру мәселелері қозғалды. Жастар өз кезегінде ел болашағына бей-жай қарамай, қоғамдық процестерге белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

Пікірталас алаңы еркін форматта өтіп, қатысушылар арасында мазмұнды сұхбат пен өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық ұстанымын нығайту және конституциялық реформалардың мәнін түсіндіру болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.