Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кітапхана көшбасшысы-2024» байқауы өтті

0 54

Кітапханашылардың шығармашылық жетістіктерін айқындау, еңбектің жаңа формалары мен әдістерін енгізуге ықпал ету,  кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту мақсатында 24 қазан – Кітапханашылар күні мерекесі аясында «Кітапхана көшбасшысы – 2024» аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашыларына арналған облыстық байқау өткізілді.
Бес кезеңнен тұратын байқауға қатысуға білім деңгейіне, жұмыс өтіліне, лауазымына қарамастан ықылас білдірген сегіз аудандық кітапханашылар қатысты. Байқау талаптарына сәйкес кітапханашылар өзін таныстырып, «Мамандығым – мақтанышым» кезеңінде үздік жобаларын ұсынды. «Үздік библиографиялық шолу» кезеңінде, оқырмандарға ұсынатын кітаптарға шолу жүргізу ерекшеліктерінде тақырып таңдау, ойын ұтымды жеткізу, оқырмандармен жұмыс жасау қабілеттерін көрсете білді.
Байқау соңы әр қызметкердің бос уақытында немен әуестенетінін көрсететін шығармашылық тақырыпқа ұласып, жіңімпаздар анықталды. Үздік таныстыруымен, құрылған жобаларының ерекшелігімен көзге түскен Жамбыл ауданы кітапханашысы Хожамқұлова Замира Дүйсенгалиқызы 1-ші орын иегері атанса, Меркі ауданының кітапханашысы Ергеш Айнұр Қалдыбайқызы 2-ші орын, Байзақ ауданы Саршаева Ақмарал 3-ші орын жүлдегерлері атанып құнды сыйлықтарға ие болды. Жуалы ауданы «Үздік таныстырылым», Сарысу ауданы «Жаңашыл кітапханашы», Шу ауданы «Үздік библиографиялық шолу»,Қордай ауданы «Ізденімпаз кітапханашы», Талас ауданы «Үздік өнер» номинациялары бойынша сыйлықтармен Алғыс хаттар алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.