Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кітап жабылады – оқиға жалғасады» әдеби байқауы өтті

0 85

Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Көсемәлі Сәттібайұлының 65 жылдық мерейтойына орай «Кітап жабылады – оқиға жалғасады» атты фанфик әдеби байқауы өтті. Жас, талантты авторларды табу және қолдау, олардың әдеби шығармашыл құрдастарымен кездесуіне мүмкіндік туғызу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге 67 үміткердің шығармашылық жұмысы қабылданды.

Байқауға қазылық еткен ақын, облыстық «Ақ жол» газетінің аға тілшісі Есет Досалы мен жазушы, журналист Қамар Қарасаева үміткерлердің жұмыстарымен танысып, ақтық кезеңге 21 туындыны іріктеп алды.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Тараз қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Жұмабай – «Шаншарханның шыңдығы», І орынды №6 орта мектептің 8 сынып оқушысы Саяжан Жеңісбекқызы – «Бәйтерек», Әсем Сәмбетбай – «Сарыжайлау – Махаббат пен Табиғат…..!», №44 орта мектептің 7 сынып оқушысы Асылы Сағындық – «Елгезек бағдаршам, токқуат және басқалар», ІІ орынды №44 орта мектептің 5 сынып оқушысы Анель Төлен – Көкектің балапаны», №35 орта мектептің 8 сынып оқушысы Сезім Атабаева«Бірлікті іздеген бала», 40 гимназиясының 7 сынып оқушысы Әмина Көркемжанқызы «Шарбақтының жалғызы», ІІІ орынды Жамбыл атындағы №5 гимназиясының 6 сынып оқушысы Айару Рысқұл«Шеткері үйдің жарығы», №47 орта мектептің Сәуле Балтабай«Ақпараттың ерлігі туралы әуез», №16 орта мектептің 10 сынып оқушысы  Дина Маербек – «Шеткері үйдің жарығы» шығармаларымен иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды. Ал 9 үміткер Алғыс хат және ынталандыру сыйлығымен марапатталды.

Шарада Төле би атындағы №8 гимназиясының 2«Ә» сыныбының оқушылары театр үйірмесінің мүшелерінің қатысуымен «Елгезек бағдаршам» композициясы мен әндер орындады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.