Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кітап-таусылмас қазына

0 415

Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады.

Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін.

«Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз.

Менің ойымша кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол,себебі қателік кітапта емес,адамда. Бүгінгі таңда кітап оқитын адамдар саны сирек. Себебі біреулер уақыт аз десе,ал біреулері әлеуметтік желілердің құрбаны болды. Менің ойымша,баланы жас кезінен бастап кітап оқытып,сол кітапты бірге талдап,пайдасы мен зиянын айтқан дұрыс.

Кітапті әр бір жас келен ұрпақ оқуға міндетті! Себебі кітап ой өрісті дамыта қана қоймай бізді болашаққа жетелейтін құнды құрал.

Ақниет АЛДАСБЕРГЕН,

Конвергенттік журанлистика мамандығының 1-курс студенті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.