Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кітап оқитын жастар – ел үміті

0 397

Жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Кітап оқитын жастар – ел үміті» кітап керуені ұйымдастырылды.

Аталған шараға Әулиеата өңірінің жас ақындары – Назерке Оңғар, Ғалия Абылай, сонымен қатар Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттері, «Шолахова А.А» ЖК-нің вокал үйірмесі, «Ару-Наз» ЖК-нің үйірмелер студиясы мен Төле би атындағы №8 гимназиясының оқушылары қатысты.

Кітап керуені «Мен қазақпын» әнімен ашылып, кітап туралы қанатты сөздер оқылды. Өңіріміздің жас ақындары өз шығармашылықтарынан сыр мен сезімге толы туындыларын оқыды. Ал Төле би атындағы №8 гимназияның оқушылары М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңінің негізінде құрастырылған қойылым көрсетті. Жастардың патриоттық сезімін оятатын «Қазақстан – Отаным», «Көк бөрі» әндері шырқалып, «Ару-Наз» би ансамблі «Ерке сылқым» биін билеп, талантты өнерпаздар өнерлерін көрсетті. Оқырмандар «Ойлан, тап!», «Сөзжұмбақ» ойындарына қатысып, сұрақтарға жауап берді. Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері танымал ақындардың өлеңдерін оқыды.

Кітапхана қызметкерлері оқырмандарды «Халық ауыз әдебиеті», «Қазақ ағартушылары», «Алаш арыстары», «ҰОС жазушылары, балалар әдебиеті» бөлімдерінен тұратын «Ғасырлар үні – қалам ізі» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.