Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кімге алғыс айтасыз?

0 478

Халқымызда «Көп алғысы көгертер» деген аталы сөз бар. Түсінген адамға мұның мағынасы өте терең. Расында, әрбір айтылған алғыс адамның жанын нұрға бөлеп, көңіліне қуаныш сыйлайды. Ал бір адамды шаттыққа кенелтуден асқан бақыт жоқ шығар, сірә! Сондықтан болар, бұл мерекенің мен үшін маңызы зор. Ал оның көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келуі мерекенің мәнін одан сайын айшықтай түсетіндей. Бұл, бір жағынан, балталаса бөлінбейтін бірлігіміздің, ұлт болып ұйысқанымыздың дәлелі.

Алдыңғы буынға айтар алғысым шексіз!

Күләш Әбдікешова,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Мейрам күні бірі ана- сына, бірі Отанына, енді бірі ұл-қыздарына алғыстарын жаудырады. Ал мен қазыналы қарияларымыз- ға алғысымды жеткізгім келеді. Жалпы айтулы күнге орай Тараз қалалық ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтауды бірнеше жылдан бері үрдіске айналдырып келеді. Өйткені бүгінгі бейбітшілік бесігінде тербелуіміз сол қарттарымыздың қажырлы еңбегінің арқасы екені даусыз. Олар егемендік жылдарында да еліміздің дамуына зор үлес қосып, татулық пен тұрақтылыққа бет түзеген мемлекетіміздің керегесін кеңейтті, терезесін теңестірді. Олардың әрбір ақыл-кеңе- сі – өскелең ұрпақ- қа зор тағылым, мол үлгі. Сол себепті алдыңғы буынға айтар алғысым шексіз. Бабаларымыз да «Қарты бар үйдің қазынасы» деп бекер айтпаған. Қарияларымыз қандай құрметке болса да әбден лайық.
Осы орайда мен шаһар тұрғындарын мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Әрбір күндеріңіз риясыз алғыс пен сүйіспеншілікке толы болсын!

 

Спасибо, что мы есть друг у друга

Алексей и Камила Поляковы

В нашей семье Дню благодарности отведена особая роль. В своей жизни мы пытаемся не забывать о том, насколько важно для семейного благополучия регулярно благодарить свою вторую половинку. А 1 марта мы словно подводим черту, основательно одаривая всех близких таким важным словом «спасибо». Благодаря тому, что мы многонациональная семья, мы никогда не понимали какие праздники «наши», а какие нет. В наших жилах можно найти русскую, казахскую, украинскую, удмуртскую и польскую крови. В этот день все стараются выразить свою благодарность наставникам, родителям, друзьям и коллегам по работе. Мы же ограничиваемся короткими звонками всем знакомым, предпочитая в этот день собрать за одним столом самых близких, где каждый хочет сказать спасибо за себя. Кто-то государству за достойную пенсию, кто-то за возможность самореализоваться и достойно зарабатывать, кто-то за мирное небо над головой. Но в конечном итоге все сходятся на мысли, что в первую очередь благодарны судьбе и каждому за семейным столом за то, что мы есть друг у друга.

 

Мемлекет берген мол мүмкіндікке мың алғыс!

Арайлым ТҰРДАН,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Ақпараттық технологиялар» факультетінің ІІІ курс студенті

Елімізде 7-ші жыл қатарынан тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен құрметтің мерекесі – Алғыс айту күнін тойланып келеді. Шуақты көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. Сондай-ақ бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Осы орайда мен де еліміздің жас буынының өкілі ретінде өзімнің ыстық ілтипатымды білдіруді жөн көріп отырмын.

Қазіргі уақытта республикамызда жастардың білім алуына, біліктілігін шыңдап, шығармашылық тұрғыда шыңдалуына, өркендеп-өсуіне барлық жағдай жасалған. Бұл мақсатпен түрлі бағдарламалар, жобалар жүзеге асып, адами тұрғыда дамуына мол мүмкіндік беріп отыр. Мемлекет тарапынан жасалып отырған игі істердің шарапатын көріп отырғандардың бірі – мен. Қазіргі уақытта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде мемлекеттік білім гранты негізінде ІІІ курста оқып жатырмын. Мұнда бізге өз мамандығымыз бойынша толық әрі заманауи білім алып, тәжірибемізді шыңдап, білікті маман атанып шығуға барынша жағдай жасалған. Осы ретте жастарға тегін жоғарғы білім алуға жағдай жасап, болашаққа бағыт-бағдар беріп жатқан мемлекетімізге, оқу орнымызға алғысымды айтамын.
Көңіл жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Елімізде тыныштық пен үндес- тік, өзара сенім мен баршаға құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтаймын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.