Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкіметте оңтүстік облыстардағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жаңғырту мәселесі талқыланды

0 2  255

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастығы жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Іс-шараға Дүниежүзілік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.

Отырыста Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында жалпы ауданы 105 мың гектардан асатын ирригациялық және дренаждық жүйелерді салу мен реконструкциялау, сондай-ақ 1 мың 500 ауылдық елді мекенді жылдам интернетке қосудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл шамамен 200 мың үй шаруашылығын немесе 1 млн-нан астам адамды қамтиды.

Сонымен қатар өңірдің көлік байланысын жақсартуға, логистикалық қызметтер мен сауда-саттықты дамытуды ынталандыруға мүмкіндік беретін «Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау, сондай-ақ Ақтөбе қаласында жаңа кәріз-тазарту ғимараттарын салу жоспарлары қаралды.

Одан бөлек, қатысушылар бірқатар теміржолды жаңғырту, жаңа жолаушылар вагондары мен электровоздарды сатып алу мәселелерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықаралық қаржы ұйымдарынан тартылатын қаражаттың уақтылы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.