Қалалық қоғамдық-саяси газет

Үкімет ел экономикасының алдағы үш жылына болжам жасады

0 200

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпараттық агенттігі  BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Болжам халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша күтулерін, сыртқы нарықтардағы конъюнктураны ескере отырып қалыптастырылды. ХҚҰ болжамдарына сәйкес әлемдік экономика 2024 жылы 3% деңгейінде өсетін болады. Консенсус-болжамға сәйкес, 2024 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне 80 доллар болады, – деді Қуантыров.

Оның сөзінше, сыртқы параметрлердің өзгеруіне байланысты дамудың үш сценарийі қаралды.

Базалық сценарий кезінде мұнайдың орташа бағасын барреліне 80 доллар деңгейінде алу ұсынылады. Болжам бойынша 5 жыл ішінде ЖІӨ-нің орташа жылдық өсуі 5,8%-ке жетеді. Инфляция 2024 жылы 6-8%, 2025 жылы 5,5-7,5% деңгейінде айқындалды, кейіннен 2026–2028 жылдары 5%-ке дейін төмендейді. 2024 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,3%, кейін 2028 жылы 6%-ке дейін өседі. Номиналды ЖІӨ 2024 жылғы 135 трлн теңгеден 2028 жылы 218,5 трлн теңгеге дейін өседі, – деді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.