Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кимешек киіп, шашу шашты. Мойынқұмдық әжелер дауыс берушілерді таңғалдырды

0 327

Мойынқұм ауылдық округіндегі номері 483 референдум учаскесіне ақ кимешек киген әжелер шашу шашып, ізгі тілектерін айтып, артынша дауыс беру науқанына қатысты. Сондай-ақ, ақжаулықты аналарымыз тоғызқұмалақ ойынын ойнап, жастарға үйретті.

Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және ел болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.