Қалалық қоғамдық-саяси газет

Киев: «Егер Путин барса, Зеленский де G20 саммитіне қатысады»

0 460

Украина президенті Владимир Зеленский Индонезияда өтетін G20 күзгі саммитіне Ресей президенті Владимир Путин қатысса ғана барады деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысына кеңесшісі болып жүрген Михаил Подоляктың ВВС-ге берген сұхбатында мәлім болды.

Оның айтуынша, Зеленский Украина аумағында болуы керек және онлайн форматтар оған кез келген саммитке қатысуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте Михаил Подоляк Ресей президенті саммитке келетін болса, Украина делегациясының да қатысу қажеттілігі туындайды деген ойда.

«Себебі Путиннің кез келген жерде, кез келген саммитте болуы жанама түрде саммитті ұйымдастырушылардың егемен мемлекетке шабуыл жасаған Ресейдің ұстанымын құптайтынын білдіреді», – деді Подоляк.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин 15-16 қарашада Балиде өтетін G20 саммитіне қатысуға шақыруды қабылдаған еді. Сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленский де саммитке қатысуға ниетті екенін білдірген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.