Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кезектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленді

0 178

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

«Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр»

«Кезектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленді. Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін. Отанымыздың болашағына бәріміз бірдей жауаптымыз. Сондықтан, баршаңызды ел тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын. Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Түркі әлемінің бойтұмары – Түркістан көркейе берсін!», – деді Президент.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.