Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кешірерсіздер»: Сапарбаев тұрғындармен қоштасу сәтінде жылап жіберді (ВИДЕО)

0 555

Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Бердібек Сапарбаев аймақ тұрғындарымен қоштасты. Шығарып салу кезінің видеосын облыс әкімінің баспасөз қызметі Instagram-да жариялады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сапарбаев өзін шығарып салуға келген адамдарға өзінің және отбасының атынан алғыс айтты. Кешірім де сұрады. Бір сәтте бұрынғы әкім көз жасына ерік берді.

«Мені қолдап, бүгін келгендеріңіз үшін көп рақмет. Мені шығарып саласыздар деп ойлаған жоқ едім. Шамам келгенше Әулиеата жері жақсарсын, халықтың жағдайы дұрыс болсын деп жұмыс істедім. Кішкене бір нәрселер болса, кешірерсіздер. Бірақ, ең негізгісі, қолдағандарыңызға, уақыт бөліп келгендеріңізге мың да бір рақмет», – деді экс-әкім.

Бердібек Сапарбаев 2020 жылдың ақпанынан бастап Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарды. 2022 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметінен босатылды. Өңірдің жаңа әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.