Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті Нұрсұлтан Нұрхожаевтың «Кеш емес» кітабының тұсаукесеріне арналған облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Аталған оқу ордасының «Журналистика және филология» кафедрасы мен кітапхана ұжымы бірлесе ұйымдастырған жиын жастарғаүміт пен сенім сыйлайтын жаңа кітап арқылы рухани серпін беру, жаһандану дәуіріндегі адасқан санаға жол көрсетуді мақсат етті.
Шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы Оралхан Дәуіт, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жас қаламгердің отбасы, ұстаздары мен жас оқырмандар қатысты.
Конференция барысында студенттер мен мектеп оқушылары мазмұнды баяндамалар жасап, Нұрсұлтан Камалханұлының «Кеш емес» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.