Қалалық қоғамдық-саяси газет

Керекудегі кезекті кездесу

0 299

Биыл дәстүрлі түрде өтетін журналистика мамандығы бойынша студенттер арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиада Павлодар қаласында жалғасын тауып отыр.

Болашақ БАҚ өкілдері бақталасатын бұл жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 17 құрама қатысуда. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін бағы мен бабын бағушылар жалпы 5 кезең бойынша шеберліктерін көрсетуі шарт. Олар жарыс ережесіне  сай  қазылар алқасының ұпайларымен бағаланады. Бұл байқаудың берері бәссіз басым. Өйткені келген қатысушылар тек жарысып қана қоймай, Кереку жерінің  көркіне куә болады. Осы орайда оларға  арнайы  экскурсия да ұйымдастырылды. Саяхат барысында командалар Ауған соғысы ардагерлері аллеясы мен  Сұлтанмахмұт Торайғыров саябағының және әйгілі Мәшһүр Жүсіп мешітінің тарихымен танысты. Одан әрі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына бағытты бұрған байқаушылар, қаланың басқа да  мәдени ошақтарын аралады. Айта кетейік, болашақ тілшілер додасы әлі де жалғасуда. Жүлдегерлер жарыс соңында анықталып, арнайы сыйлықтармен маратталатын болады.

Нұрлан ӘБДІКӘРІМ, Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.