Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кемел келешек кепілі

0 842

Елімізде тұтастандырылған экономикалық кеңістік құрылып, билік тармақтарының бөлінуіне негізделген заманауи мемлекеттік басқару жүйесі қалыптасып, маңызды конституциялық және саяси реформалар жүргізілді. Бүгінгі таңда әлемде болып жатқан өзгерістердің сипаты жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Енді екі-үш жылдан кейін елімізде тәуелсіздіктің екінші буыны дүниеге келеді. Қазіргі кезеңде еліміздің алдында тұрған басты мақсат – жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған елінің қатарында болуы тиіс. Дамудың қазақстандық үлгісі жаңа саяси бағыттың негізі іргетасы болып қаланды.

Қазақстан халқын бір ортаға топтастыратын саяси мәні зор «Қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыты» атты бағдарламада әлеуметтік-саяси дамудың «қазақстандық үлгісін» демократиялық жолмен өркендетудің негізгі тетіктері көрсетілген. Қазақ елінің басты мақсаты – дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
«Қазақстан-2050» Стратегиясын тәуелсіз Қазақстанның даму перспективаларына орай стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді пайымдаған әлеуметтік дамудағы маңызды серпіліс деп айтуға болады. Қазақ елі – өзінің барлық мүмкіндіктерін әлемге көрсете білген ел. Дәл сол себептен халықаралық қауымдастық Қазақстанды «ЭКСП0-2017» Халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдады. Біздің еліміз – ТМД кеңістігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп, осы ұйымның саммитін өткізген алғашқы ел. Тәуелсіз Қазақстанымыз «әуелі экономика, содан соң саясат» деген айқын принциппен дамып, өркендеп келе жатыр. Қазақстанда саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады, сондықтан елімізде демократияландыру мен ырықтандыру процесі оңтайлы ұштастырылуда. Либералдық-демократиялық даму динамикасында өзіндік ерекшеліктерге ие. Қоғам әрбір қадам басқан сайын демократияландыру мен адам құқықтары саласындағы ең жоғары стандарттарға жақындап келеді.
«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы алдымызға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін билік басындағылардан бастап қатардағы азаматтарға дейін еліміздегі әлеуметтік әділеттілік пен әлеуметтік қамтамасыз етуге деген көзқарасымызды өзгертуге тиіспіз. Бүгінгі таңда кез келген мемлекеттің абыройы мен беделі халқының әлеуметтік жағдайымен өлшенетіні белгілі. Осы ел тұрғындарының назарына ұсынылған ауыл-аймақтардың әкімдерін сайлау сияқты азаматтық қоғамды дамыту істерінің маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басты назарда ұстап отырған ауыл шаруашылығының өркендеуіне қолдау көрсету, егістік алаңын ұлғайту, әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы қалыптарына (стандарттарына) сәйкес жем-шөп базасын құру, экологиялық таза өндіріс саласын дамыту мәселелерін де құжатта орынды көтерілген. Сонымен қатар жер өңдеу мәдениетін өзгерту, ауыл еңбеккерлерінің жаңа буынын қалыптастыру, жаңа ғасырдың әлемдік нарығының сұранысына лайықты агроөнеркәсіп кешенін дамыту сияқты Жолдауда көтерілген өзекті жобалардың маңыздылығы жоғары, ел шырайын келтіріп, ауылдың гүлденуіне тірек болатын болашағы зор жобалар.
Қазақстан халқының әлеуметтік топтасуының, оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасудың негізі болып табылады. «Қазақстан-2050» Стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі – еңбек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп берді. Сондай-ақ демократиялық даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз Қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлтаралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндетті алға қойып отыр. Ол – әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша-несие саясатын реформалау, макроэкономикалық саясатты жаңғырту көзделінді.
«Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы – әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатына экономикалық әлеуметтік-мәдени дамуына тікелей ықпал ететін, оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт аралығында ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып, қарыштап келеді, адам құқықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы халықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгіленуі тарихи сипатқа ие болып отыр.
Бұл – еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуының нақты жолдарын көрсетіп, болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін белгілеп берген тарихи құжат. Бұл бағдарламадағы қарастырылған мәселелер тек еліміз үшін ғана емес, әлемге ортақ көкейкесті проблемалар екені шындық. Сондай-ақ бұл стратегияда осындай толғақты мәселелердің түйінін тарқатудың, шешімін табудың жолдары көрсетілген. Бүкіл әлемге өзекті болып отырған энергия, су тапшылығы, табиғи апаттар, қаржылық дағдарыс, оны шешу жолдары жан-жақты қарастырылған. «Қазақстан-2050» Стратегиялық саяси мәні зор бағдарламасы қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыру үшін ортақ мақсатқа топтастырады.

Бибігүл Иманбекова,
саяси ғылымдар докторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.