Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырамыз

0 45

Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!

Сіздерді Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасына келісімшарт бойынша әскери қызметке жұмысқа шақырамыз.

Қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің хатарында қызмет атқарған немесе әскери техникалық мектепті аяқтаған;
  • Үміткердің жасы 18-34 жас аралығында болуы;
  • Білімі орта 11 сынып, арнайы орта немесе жоғары болуы;
  • Сотталмаған болуы керек.

Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінде әскери кызметшілерге келесідей әлеуметтік қамтамасыз етілулер қарастырылған:

  • Айына кемінде 250 000 теңгеден жоғары жалақы қарастырылған.
  • Ай сайынғы тұрғын үй төлемдері 44 190 теңге (отбасындағы әр адам басына) және «Әскери баспана» ипотекалық кредиттік бағдарламасы арқылы төмендетілген түрде жеке баспана рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.
  • 45 күндік жыл сайынғы кезекті демалыс 2 айлық есеп көрсеткішімен қамтамасыз ету (демалыс кезінде айлық сақталады).
  • Тегін медициналық қамтамасыз етулер мен емдеу іс шаралары қарастырылған.
  • Зейнетке шығу бойынша 47 жастан бастап, денсаулығына байланысты зейнетке шығуы 12,5 жылдан артық қызмет атқарғандар зейнетке шығу жасы қарастырылған.
  • Жауынгерлік қызметке немесе мемлекеттік шекарада қызмет атқару кезінде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.
  • Әскери киім үлгілерімен және құрал-саймандармен тегін қамтамасыз етілуі.

Қызмет атқаруға үміт білдірген үміткерлер келесі байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуға болады: 8 (7262) 470-128, 470-177,  8 (777) 463 33 22, 8 (705) 397 55 18.

Біздің мекенжайымыз: Тараз қаласы, Т.Әшімбаев көшесі 1 үй

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.