Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келелі мәселелер көтерілген кеңес

0 367

Кеше Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаилдың қатысуымен сегізінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті.

Жиында әуелі Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаев 2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы баяндады.
– 2024 жылға арналған қалалық бюджетті нақтылау жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 109-бабын басшылыққа ала отырып және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде қалыптастырылды. Ағымдағы жылдың 28 маусымында облыстық бюджетке нақтылау жүргізіліп, нақтылау барысында Тараз қаласының бюджетіне 1,7 млрд теңге нысаналы ағымдағы трансферттер қарастырылды. Сонымен қатар облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының өзіндік кірістерді ұлғайту жөніндегі ұсынысын ескере отырып, 2024 жылға арналған қалалық бюджеттің кіріс бөлігін жыл соңына дейінгі болжамды орындалуына талдау жасалып, қаланың өзіндік кірістерін салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен 3,1 млрд теңгеге ұлғайту көзделуде, – деді Жандос Илиясбекұлы.
Бұдан кейін жиынның күн тәртібіне сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-5 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы рәміздер жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі №2-7 шешіміне, «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңес құрамын бекіту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 26 наурыздағы №3-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы және Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жұматай КӨКСУБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.