Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кейінгі тәулікте коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды

0 368

  Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің 20 қаңтардағы мәліметі бойынша, қайтыс болғандардың алтауында коронавирус инфекциясы оң нәтиже берген, біреуі пневмониядан қайтыс болған.

21 қаңтардағы жағдай бойынша 124 744 адам (123 205+ және 1 539 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр, оның ішінде 8 929 науқас стационарда, 115 815 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

396 науқастың жағдайы ауыр,
88 науқастың жағдайы өте ауыр,
57 науқас жасанды тыныс беру аппаратында жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.