Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Кедергісіз келешек» пратиялық жобасы аясында нысандарға зерделеу жүргізілді

0 265

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында партияның Тараз қалалық филиалы мен қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының, Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері А.Досымбаева, А.Даулетбаеваның және Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жүргізу секторының меңгерушісі Г.Дүйсекованың қатысуымен қаладағы бірқатар нысандардағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалған жағдай бойынша зерделеу жүргізілді.

Зерделеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы қоңыраулар, пандустар мен зағип және көру қабілеті төмен адамдарға арналған жолақтар, сондай-ақ, мекемелердің ішіндегі арнайы бөлмелерге жасалған жағдайлары қаралып, бірқатар мекемелердің басшыларына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдайдың талапқа сәйкес жасалуы жөнінде ұсыныстар берілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.