Қалалық қоғамдық-саяси газет

“Әке деп атамаймыз деді”: Жанель Мақажан күйеуінің балаларымен арақатынасы туралы айтты

0 356

Жанель Мақажан күйеуі мен балаларының арақатынасы туралы ашық айтты. Актриса екінші жолдасының жақсы әке, жақсы жолдас екенін білдірді. Некеден кейінгі өміріне тоқталды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

“Менен Абай мен балаларымның арақатынасы туралы сұрайтындар көп. Шынымды айтсам, бұрын екі балам да ешкімді әке деп атамаймыз дейтін. Ал Абай екеуміз некелескен соң қызым келіп “әке” деп атады. Одан кейін ұлым Құлмұхамед те “әке” деді. Оны естіп Абай мәз болды. Балалар екеуінің арақатынасы бірінші күннен жақсы болды. Балалар да адамның жақсысын біледі ғой. Абайдың көңілі босады. Көзіне жас келді. Олардың қатынастары жақсы”, – деді актриса парақшасында.

Жанель Мақажан отбасымен жиі серуенге шығып, көңіл көтереді. Отбасына көп көңіл бөлуге тырысады.

“Мен отбасыммен тауда қыдырып жүргенімді, кино көргенімді, тамақ жасап жатқанымды, табиғатқа шыққанымызды, атқа мініп, велосипед тепкенімізді көп елестетемін. Көп ұзамай өмірде сол іске асады. Бастысы армандай білу керек. Алла шын тілесеңіз бәрін береді”, – деді Мақажан.

Айта кетейік, актриса өзінің шын махаббатпен тұрмыс құрып жатқанын талай рет айтқан еді.

“Осындай бақытты қыздарымыз көп болғай!!! Ал қыздарды аялап бақытты ете алатын азаматтарымыз аман болсын!!”, “Алла бақытты ұзақ ғұмыр берсін. Иншалла тек қуаныш көріңіздер”, “Осы Жанель қыздың бақытты болғанын шынымен Аллахтан тілеген едім. Аман сау болыңыздар. Бақытты бол. Менің ең сүйікті актрисам”, “Бақытты болыңыздар, Алла тіл көзден сактасын!”, “Тәп-тәтті жұп, сондай қылықты, сіздерге қарап әдемі сәттерді бағалау керек екенін ұғынамын. Балаларыңызбен бақытты ғұмыр кешіңіздер. Алла сіздерге ұл-қызды қос қостан берсін”, – деп жазды желідегі жанкүйерлері.

Айта кетейік, Жанельдің сүйіктісі – актер Абай Асылхан, өзінен 8 жасқа кіші. Ол Жанельдің жасына және екі баласының барына қарамастан, оны жан-тәнімен сүйетінін айтқан еді. Ол Жанельге үйлену туралы ұсынысты маусым айында жасаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.