Қалалық қоғамдық-саяси газет

Kaspi.kz «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударады

0 467

Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе «Қазақстан халқына» қорына 10 миллиард теңге аударады, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Үкіметке «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын. Содан көп ұзамай құрылған қорға Kaspi.kz және компанияның негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе 10 миллиард теңге аударатын болды.

Бұл ретте қорға аударылған қаржы азаматтардың денсаулық, білім, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларындағы мәселелерін шешуге бағытталады. Сондай-ақ төтенше жағдайларда және төтенше жағдай енгізілген кезде зардап шеккен халыққа көмек көрсетілмек.

Тіпті, бұл қор сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеуге көмек көрсетіп, әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысын қаржыландыруға да пайдаланылады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.