Қалалық қоғамдық-саяси газет

Карантинге жабылған әйел қонақүйді өртеп жіберді

0 674

Аустралиялық әйел карантинге жабылған қонақүйді өртеп жіберді. Кэрнс қаласындағы қонақүйлердің бірінде екі баласымен демалып жатқан әйел от қойды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, қонақүй келушісі өрт жақты деп айыпталды. Отқа оранған қонақ үй кадрлары 9News басылымының Twitter-дегі парақшасында жарияланды.

28 қараша күні таңертең болған оқиғадан кейін Pacific Hotel Cairns қонақ үйінің 11-қабаты түгел өртеніп кеткен. 160-қа жуық келуші дер кезінде эвакуацияланған. Қуанышқа орай, зардап шеккендер жоқ. Құқық қорғау органдарының болжамынша, 31 жастағы әйел төсектің астында от жаққан.
Әйел бірнеше күн бойы карантинде болған. Қазіргі уақытта өртті ұйымдастырған әйел қамауда, ал балалар полицейлердің қарамағында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.