Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Капитан Байтасов»

0 1  119

«Капитан Байтасов» фильмінің түсірілімі аяқталды. Туындыда 2011 жылдың 12 қарашасында өз өмірін құрбан ете отырып, қандықол қылмыскердің жолын кескен жол полициясы жеке батальонының бірінші взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы баяндалады.

Осы фильмнің режиссері және сценарийін жазған Дәурен Қамшыбаев Жамбыл облысының полиция департаментіне келіп, ведомствоның музейіне қою үшін департамент бастығы Арманбек Баймурзинге кинокартинаның сценарийін табыс етті.
– Бірінші кезекте, Жамбыл облысының полиция басшылығы мен қызметкерлеріне фильмді дайындауда көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысымды айтқым келеді. Біздің картинамызбен полиция қызметкерлерінің арасында офицерлік ар-намыс, батылдық пен ерлікті биік қоятын азаматтардың бар екенін көрсеткіміз келді, – деді Дәурен Қамшыбаев.
Ғазиз Байтасов – Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі «Халық қаһарманы» атағына ие болған алғашқы полиция қызметкері.
Фильм нақты оқиғаларға негізделген. Құқық қорғау органдарының жұмыс барысын, сонымен қатар адамға қауіп төнген кезде нағыз батылдық пен ерліктің күнделікті полиция өмірінде қалай кездесетінін көрсетеді.
Көп ұзамай «Капитан Байтасов» фильмі еліміздегі барлық кинотеатрларда көруге қолжетімді болады.
Бұл, сөз жоқ, батыр рухына деген тағзым мен құрмет.

Дедек Төлен

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.