Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көз жұмған кәсіпкер жұмысшыларының жалақысын төлемеген: Полиция кәсіпкердің өліміне қатысты кей деректермен бөлісті

0 182

Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті кәсіпкердің өліміне қатысты кей деректермен бөлісті. Мәліметке сәйкес, күдіктілер тұрмыстық мәселеге байланысты осындай қылмысқа баруы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, күдіктілер марқұмның қол астында жұмыс істеген. Ал кәсіпкер өз қызметкерлеріне жалақы  төлемей, көпшілігіне қарыз болған. Сондықтан кісі өліміне тұрмыстық мәселе себеп болуы мүмкін.

Еске салайық, 6 тамызда Оралда танымал кәсіпкер өлі күйінде табылған еді. 49 жастағы ер адамның мәйіті қалалық саябақ тұрағынан табылған. Кейін қылмысқа қатысы бар күдіктілердің кім екені белгілі болды.

1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы мен 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланған. Бүгінгі таңда оларды іздеу жұмыстарына Ұлттық ұлан әскерилері жұмылдырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.