Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпорындардың көмегі көпке тиюде

0 103

Сарысу ауданында елімізге белгілі бірқатар өндіріс ошақтары орналасқан. Олар тек қана қазба байлықтарды өндіріп, өңдеумен ғана айналысып қоймай, орналасқан елді мекеннің халқына көмек көрсетуді де естен шығарған емес.

Мәселен, «Qazaq soda» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2023 жылы Жаңатас көп салалы колледжіне 2 млн. теңгеге компьютер кешенін сыйлады. 2024 жылы Саудакент ауылындағы стадионды 11 млн. теңгеге сатып алып, аудан теңгеріміне тарту етті. Саудакент ауылындағы спорт мектебіне спорттық форма мен спорттық құрал жабдықтар сыйлады.

Ал «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Қаратау» тау-кен өндіру кешені «Фосфорит» стадионын қала тұрғындарының игілігіне ақысыз түрде беруді жоспарлауда. Сол секілді «Қаратау» тау-кен өндіру кешені жуырда ғана қол күресінен Азия чемпиондары атан  ған спортшыларға 1 млн. теңге көлемінде қаржылай демеушілік көрсетті. 2024-2025 жылдары түрлі қайырылымдылық шараларына (көп балалы аналарға 8 наурызға сыйлық, тазалық жұмыстарына ауыр техника, су ұңғымасын қазу және т.б.) 5,5 млн. теңгеге демеушілік жасады.

«Жаңатас ЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шоқпар ЖЭС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2019 жылы аудандық орталық ауруханасына жедел жәрдем көлігін, 2020 жылы Жаңатас қаласындағы «Ынтымақ» аллеясын жөндеуге және жағдайы төмен отбасылардың үйін жөндеуге 29 млн. теңге, 2021 жылы «Ынтымақ» аллеясын жөндеудің екінші кезеңіне 18 млн. теңге, 2022 жылы «Ақбұлақ» демалыс орнына бассейн соғуға 25 млн. теңге, 2023 жылы Жаңатас қаласының орталық алаңдағы жаздық сахна салуға 25 млн. теңге, 2024 жылы «Даңқ» монументіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, субұрқақ орнатуға 30 млн. тг-ге демеушілік танытты. 2025 жылы Жаңатас қаласындағы Дегерез, МЭЗ аумақтарына 40 млн. теңгеге бабалар ойын алаңшасы мен субұрқақ соғуды жоспарлап отыр.

Осылайша кәсіпорындардың көмегі көпшілікке тиіп отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.