Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпорындардың көкжиегі кең

0 1  563

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, жоғары палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері Бекболат Орынбеков, Серік Шайдаров, Бауыржан Қаниев, Сағындық Лұқпанов, Ләззат Рысбекова, Әлібек Наутиев және Шәкәрім Бұқтығұтов Жамбыл облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, Тараздағы бірқатар өндіріс орнын аралады.

Әуелі сенаторлар «Қазфосфат» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар зауытына барды. 1999 жылы негізі қаланған кәсіпорын бүгінде жылына 1 миллион тонна тыңайтқышқа дейін шығарып отыр. Өндіріс орнында 1,5 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған.
Зауыттың тыныс-тіршілігіне қаныққан халық қалаулылары кәсіпорын басшыларымен бірге арнайы жиын өткізіп, ұсыныс-тілектерге құлақ түрді. Басқосу барысында фосфор қалдықтарын қайта өңдеу, жұмысшылардың еңбекақыларын арттыру сынды маңызды мәселелер көтерілді.
Бұдан кейін депутаттар «Тараз былғары аяқ киімдері» ЖШС-не ат басын бұрды. Жылына 500 мың жұп аяқ киім тіге алатын аталған өндіріс орны бүгінде 250 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Айталық, серіктестік ағымдағы жылдың басынан бері жалпы құны 101,8 миллион теңгені құрайтын 10,7 мың жұп аяқ киімді өндіріске шығарған. Дегенмен мұндағы басты мәселе – мемлекет тарапынан қолдаудың аздығы. Салдарынан өндіріс орны нарықта Қытай, Түркия, Ресей, Өзбекстан секілді елдердің кәсіпорындарымен бәсекелесе алмай отыр. Сондықтан экспорт тұрмақ, ішкі сұранысты да толық қанағаттандыра алмай отырған көрінеді.
Көтерілген мәселенің өте орынды екенін айтқан сенаторлар бұл бойынша Үкіметпен бірлесіп тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.