Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіподақ ұйымының қамқорлығы

0 491

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының Жамбыл ауданындағы №13 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мен жұмыс берушісі арасында жасалған Ұжымдық шарт негізінде бүгінде жүйелі жұмыс жүргізуде. Оның дәлелі ретінде үстіміздегі жылдың 13 қазанында кәсіподақ мүшесі, аталған мекемеде еден жуушы болып жұмыс істейтін 5 баланың анасы Гүлзина Тыныбекова Бесағаш ауылдық округінің әкімдігі мен ауыл ақсақалдары бірлесіп, баспана алып берді.
20 жыл пәтер жалдап тұрған Гүлзинаның осынау қуанышына ортақтасып, бастауыш кәсіподақ ұйымы да өз үлесін қосып, кілем тарту етіп, шашу шашып құттықтап, қамқорлық көрсетті.

Н.Байжиенова,
Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.