Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікті күшейтуге күш саламыз!

0 562

№12 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат

Дүйсенов Талғат Әбдүмүтәліпұлы

Құрметті қала тұрғындары!

Қазір елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осы өзгерістердің заңды жалғасы ретінде алда өткелі отырған сайлауды айтуға болады.
Биыл өтетін сайлаудың өзгелерден айырмашылығын бір мандаттық сайлау тәртібіне көшкенімізден аңғаруға болады.
Енді халық қамын ойлайтын, елінің дамуы мен өркендеуі жолында қызмет ететін және өзінің іскерлігіне сенген адамның мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы депутат болуына мүмкіндігі бар. Азаматтар елдің өміріне араласып, қызметтік және әлеуметтік өрлеуге тең мүмкіндік алуы қажет. Осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, сайлауға қатысу туралы шешім қабылдадым.
Мен, Дүйсенов Талғат Әбдүмүтәліпұлы, 1986 жылы 8 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келдім.
Білімім – жоғары, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Инженер-механик» мамандығы бойынша, 2019 жылы Аймақтық-әлеуметтік инновациялық университетін бітірдім. Экономика магистрімін.
Еңбек жолымды 2008 жылы жеке кәсіпкерліктен бастап, ұзақ жылдар бойы жергілікті атқарушы органдарда, кәсіпкерлік саласында еңбек еттім. Қазіргі уақытта «Ауыл-Береке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры қызметін атқарудамын.
Отбасымда, жолдасым және екі ұлым бар.
Тараз қаласының тұрғындарын мазалап жүрген өзекті мәселелермен таныспын. Олардың қатарында коммуналдық шаруашылық, құрылыс, кәсіпкерлік, өндіріс және әлеуметтік салаларға қатысты мәселелер бар.
Осы айтылған мәселелерді біз шеше аламыз деп ойлаймын. Біз күшімізді біріктіре отырып, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ететінімізге сенімдімін.
Қаламыз көркейіп, дамып келеді. Қала тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсара түскенін, экономикалық жағдайдың айтарлықтай жақсарғанын көріп жүрміз.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында кәсіпкерлік, құрылыс салалары бойынша бірқатар нысандар пайдалануға берілді.
Шешімін табуды қажет ететін өзекті мәселелер де жеткілікті.
Тараз қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі №12 бір мандаттық аумақтық сайлау округіндегі тұратын тұрғын үйлерде 15 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың арасында әйелдердің үлес салмағы – 60, жастар – 13,5, зейнеткерлер – 4, студенттер 5 пайызды құрайды.
Округтегі сайлаушылардың 37,6 пайызы бюджеттік мекемелердегі жұмыспен қамтылған, 27 пайызы шағын және орта бизнес саласының өкілдері. Ал 3,1 пайызы жұмыссыздар қатарында, мүгедектігі бар азаматтар – 2 пайыз.
Экономикалық құрылым бойынша аумақта 6 білім беру нысаны, 1 денсаулық сақтау мекемелері, 8 ірі кәсіпкерлік нысандары орналасқан.
Аумақтағы өзекті мәселелерді талдау және тұрғындармен сұхбаттасу барысында:
– көшелерді күрделі, орташа жөндеуден өткізу және жарықтандыру;
– көшелерге қоқыс қалдықтарын жинайтын жәшіктер орнату;
– балаларға арналған ойын алаңшаларының жеткіліксіздігі;
– арық жүйелерін қалпына келтіру, оның ішінде лотоктар орнату, тозығы жеткен қолданыстағы және топырақ, қоқысқа толған арықтарды реконструкциялау;
– білім мекемелерінің материалдық-техникалық базаларының ескіргені;
– аумақта орналасқан саяжай тұрғындары үшін ауыз судың жоқтығы туралы мәселелерді шешу қажеттілігі бар екені белгілі болды.
Осыған байланысты аталған өзекті мәселелерді шешуге бағытталған төмендегі сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:
– балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыруға жағдайдың жасалуына;
– саяжай аумағындағы көшелерге жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– саяжайлар мен тұрғын алқаптардағы жарықтандыруды қажет ететін көшелердің жарықтандырылуына;
– көшелерге қоқыс қалдықтарын жинайтын жәшіктердің орнатылуына және санитарлық талаптардың сақталуына;
– жеке тұрғын үй секторларындағы тозығы жеткен су құбырларын ауыстыруға, арық жүйелерін қалпына келтіруге;
– сайлау округінде орналасқан жөндеуді қажет ететін білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне;
– жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету арқылы олардың еңбектің түрлі шараларымен қамтылуына ықпал ету.
Сонымен қатар:
– «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген міндеттердің жүзеге асуына атсалысу;
– халыққа көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылардың төленуіне қоғамдық бақылау жасау.

Құрметті сайлаушылар!

Біздің болашағымыз, сүйікті қаламыздың болашағы әрқайсысымызға байланысты.
Сіздерді алдағы өтетін сайлауға қатысып, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға атсалысатын лайықты кандидатқа дауыс беруге шақырамын.
Біз жалпы мәселелерді күшімізді біріктіру арқылы шеше аламыз!

Мы приложим усилия для развития предпринимательства!

Уважаемые жители города!

Сейчас в нашей стране происходят большие перемены. Закономерным продолжением этих перемен можно назвать предстоящие выборы.
Отличие выборов, которые состоятся в этом году, от других можно увидеть в том, что в этот раз мы перешли на одномандатную избирательную систему.
Теперь у каждого человека, заботящегося о народе, служащего на пути развития и процветания своей страны и верящего в свое дело, есть возможность стать депутатом через мажоритарную избирательную систему. Граждане должны принимать активное участие в жизни государства и иметь равные возможности для служебного и социального роста.
Воспользовавшись такой возможностью, я решил принять участие в выборах.
Я, Дуйсенов Талгат Абдумуталипович, родился 8 марта 1986 года в городе Шымкенте Южно-Казахстанской области.
Имею высшее образование: в 2008 году окончил Южно-Казахстанский государственный университет имени М. Ауэзова по специальности «инженер-механик», в 2019 году закончил Региональный социально-инновационный университет. У меня есть степень магистра экономики.
Трудовую деятельность начал в 2008 году с частного предпринимательства, много лет работал в местных исполнительных органах, в сфере предпринимательства. В настоящее время являюсь директором Товарищества с ограниченной ответственностью «Ауыл-береке».
Я женат и у меня двое сыновей.
Я хорошо осведомлен о текущих проблемах города Тараза и его жителей. Среди актуальных вопросов – вопросы, связанные с коммунальным хозяйством, строительством, предпринимательством, производством и социальной сферой.
Думаю, мы сможем решить эти проблемы. Уверен, что совместными усилиями мы сможем решить насущные проблемы.
Город процветает и развивается. Мы видим улучшение жизни горожан, значительное улучшение экономической ситуации.
В рамках Дорожной карты по реализации предвыборной программы партии «АМАНАТ» введены в эксплуатацию ряд объектов в сферах предпринимательства и строительства.
Есть достаточно насущных проблем, которые необходимо решить.
В одномандатном территориальном избирательном округе № 12 по выборам депутатов Таразского городского маслихата проживает более 15 тысяч жителей. Среди них доля женщин составляет 60 процентов, молодежи – 13,5 процента, пенсионеров – 4 процента, студентов – 5 процентов.
37,6 процента избирателей округа работают в бюджетных учреждениях, 27 процентов – представители малого и среднего предпринимательства, и 3,1 процента безработные, 2 процента – граждане с инвалидностью.
По экономической структуре на территории расположены 6 объектов образования, 1 объект здравоохранения, 8 объектов крупного предпринимательства.
В ходе анализа текущих проблем на территории и опроса жителей стало известно, что необходимо решить следующие проблемы:
– комплексный и средний ремонт и освещение улиц;
– установка уличных урн для мусора;
– недостаточное количество игровых площадок для детей;
– восстановление арычных систем, в том числе установка лотков, реконструкция ветхих используемых и засыпанных грязью и мусором канав;
– устарение материально-технической базы образовательных учреждений;
– отсутствие питьевой воды у жителей дачных участков, расположенных на территории.
В связи с этим предлагаю следующую предвыборную программу, направленную на решение вышеуказанных насущных вопросов:
– создание условий для организации эффективного использования свободного времени детей и молодежи;
– проведение ремонтных работ на улицах дачной территории;
– освещение улиц, требующих освещения в загородных домах и жилых массивах;
– установка уличных урн для мусора и соблюдение санитарных требований;
– замена ветхих водопроводов в частном жилом секторе, восстановление арычных систем;
– проведение работ по капитальному ремонту объектов образования, нуждающихся в ремонте, расположенных в избирательном округе;
– путем поддержки предпринимательской инициативы молодежи, вовлечения ее в труд различными мерами.
А также:
– Участие в реализации задач, указанных в предвыборной программе партии «AMANAT»;
– общественный контроль за исполнением государственных социальных обязательств, оказываемых населению, выплатой социальных выплат и пособий многодетным и малообеспеченным семьям.

Уважаемые избиратели!

Наше будущее, будущее нашего любимого города зависит от каждого из нас.
Приглашаю вас принять участие в предстоящих выборах и проголосовать за достойного кандидата, который будет участвовать в улучшении качества жизни горожан.
Объединив наши силы, мы сможем решить общие проблемы!

 

Тапсырыс беруші: №12 бір мандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Дүйсенов Т.Ә.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.