Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлікті дамытуға қолдау да бар, көмек те көп

0 1  190

Кәсіпкерлікті қолдау – экономиканың тұрақты дамуының маңызды факторы. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл өңірінде де қарқынды жүргізілуде. Аталған бағыттағы шаралар ретіне Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев кеңінен тоқталды.

Аймақ басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 24,5 млрд теңгеге 2,1 мың жоба қолдау тапқан. Атап айтқанда, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тетігі бойынша 13,8 млрд теңгеге 537 жоба, кредиттер бойынша кепілдік беру тетігі бойынша7,1 млрд теңгеге 500 жоба қаржыландырылса, инфрақұрылымды жүргізу бойынша 2,2 млрд теңгеге 8 жобаға қолдау көрсетілген. 1 048 кәсіпкерге 1,4 млрд теңге грант берілген.

– Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 25,5 пайызға артты. Онда жұмыспен қамтылғандар саны 23,6 ұлғайды. Кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 22 пайызға өсті. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесі 18 пайыздан 20,7 пайызға дейін жетті. 1,4 мың жұмыс орны сақталып, 200-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

Бүгін біздің алдымызда өңірге жаңа инвестициялар тарту бойынша нақты жоспарлар тұр. Біз реттеуші кедергілерді азайтуға, инвестиция тартудағы жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ниеттіміз. Инвесторлармен жұмыс жүргізуде «бір терезе» қағидаты негізінде инвестиция тартудың бизнес-процестерін қайта қараудамыз. Әр аудан әкімдеріне нақты міндеттер қойылып,инвестиция тарту бойынша мерзімдері айқындалған KPI белгіленді.

Өңірдегі бизнес өкілдерінің қатысуымен қосалқы өндірістерді дамытуға жағдай жасау есебінен жобалар айналасында кластер қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудеміз. Сонымен қатар, салынып жатқан зауыттар жанынан ілеспе тауарлардың шағын және орта өндірістерін құру көзделуде, – деді Ербол Шырақпайұлы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.