Азық-түлік емес тауарлардың бағасын бақылауда ұстауға міндет алған бірнеше құзырлы орын бар. Бірақ қос бүйірден қысқан қымбатшылықтың соңы жұрттың жаппай наразылық шеруіне шығуына түрткі болуы бағаның бақылауға алынбағанын көрсетіп берді. Төтенше жағдайдан кейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік емес өнімдердің бағасын мемлекеттік реттеу енгізіліп, тұрғындар осындай хабарласа алатын жедел желі құрылған.
Бұл ретте, Талас ауданында негізгі азық-түлік емес тауарларының 53 атауы бойынша күнделікті мониторинг жүргізіліп, 2021 жылдың 31 желтоқсанындағы бағалармен салыстырылады. Аудандық статистика басқармасының мамандарымен бірге негізгі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 3 азық-түлік емес тауарларына баға көтерілгені анықталды. қара сабын 10 теңге 8,3%-ға, темекі 20 теңге 3,8%-ға, кір жуғыш ұнтақ 10 теңге 4,5%-ға.
Ауданда көлік қызметінің жолақысы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты. (газель – 800 теңге, такси 1200-1500 теңге).
Талас ауданы Қаратау қаласында 10 дәріхана тіркелген. Оның жұмыс жасап жатқаны қазіргі таңға 8 дәріхана (ЖК «Асылжан» Аккулиова Раушан, ЖК «Байжанов» Байжанов Ғалымжан, «Азамат» ЖШС Момбекова Зина, ЖК Алиева Зарина «Арзан Фарм» Пак Александр, ЖК «ЛИ ИГ» Пак Александр, «Амир Д» ЖШС Тұрғынбаева Гүлнұр, ЖК «Али Цена» Шарипов Азиз) ал қалған 2 дәріхана жұмысын тоқтатқан. («ЖК Жапаркулов» және «Ромашка» Омаров Даулет)
Төмендегі көрсетілетін ақылы қызметтерге баға тұрақты: – Қонақ үйдің қызметінің бір номері 4500-8000 теңге құраса, дәмхана-мейрамханада әр адам басына қымет көрсету 2500-5000 мың теңге аралығын құрайды. Сонымен қатар, шаштараз қызметі 600-1500 теңге, монша қызметі 500-1000 теңгені құрайды. Азық-түлік емес тауарларының бағаларының 53 түріне күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына тұрақты түрде жолданады.
Ауданда жанар-жағар майдың 12 бекеті бар, оның ішінде 8 бекет жұмыс жасауда. Қаратау қаласында 2 бекет, Талапты ауылында 1 бекет және Бостандық ауылында 1 бекет жұмыс істемейді. Аудандағы жанар-жағар май бекеттеріндегі сыйымдылық: АИ92 маркалы бензині – 317 тонна, АИ80 маркалы бензині – 192 тонна, дизель отыны – 190 тоннаны құрайды. Айына орташа есеппен қажетті жанар-жағар май көлемі: АИ92 – 240,0 тонна, АИ80 – 159,0 тонна, дизель отыны – 111,0 тоннаны құрайды. Жалпы көлемі болжаммен – 510 тонна.
Бүгінгі күнге АИ92 180 тг, ДТ – 225 тг бағасында сатылуда.
Ауданда жанар-жағар майдың бағаларына күнделікті талдау жасалынып, апталық мониторинг қорытындысын облыс әкімдігінің энергетика басқармасына тұрақты түрде жолданады.
Жалпы ауданда сұйытылған мұнай газының 5 станциясы орналасқан. Қаратау қаласында 4 газ станциясы және Ақкөл ауылдық округінде 1 газ станциясы. Аудан бойынша 1 күндік Сұйытылған мұнай газ отының кажеттілігі 8 тонна, оның ішінде Қаратау қаласы бойынша 6 тонна, қалған 2 тоннасы Ақкөл ауылдық округінде. АГЗС арқылы өткізу бағасы 1 литр 60 теңге.