Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлермен кең көлемде жұмыс істелуде

0 244

Аудан әкімінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын зерделеу туралы» өкімімен жұмысшы тобы құрылып азық-түлік дүкендеріндегі баға мен азық-түлік тауарларының қорына тұрақты зерделеу жүргізіліп отыр (Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ешқайсысының түрінен тапшылық байқалмайды).

Азық-түлік тауарларын шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінен асырып сату және сауда үстемесінің мөлшерін 15%-дан арттыру фактілері орын алмады.

Қазіргі уақытта аудан бойынша жалпы 10 наубайхана жұмыс жасайды. Наубайханалар күніне 70 бөлкеден 700 бөлкеге дейін өнім өндіреді. Нан бағасы орта есеппен 135-140 теңгені құрап отыр.

Ауданда нан бағасын тұрақтандыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігімен бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Тараз қаласында орналасқан «Aksarai Export 2012» ЖШС-дан20 тонна ұн бөлініп, жеке кәсіпкерЖылқыбаев Алтайбектің наубайханасына жеткізілініп берілді. Аталған наубайхана арқылы нан 90 теңгеден өткізілуде.

Аудан орталығынан ашылған «Заңғар» әлеуметтік дүкенінде аудан көлеміндегі демеушілердің көмегімен күніне 100-120 бөлке нан қойылып, бағасы 90 теңгеден сатылымда.

«Заңғар» әлеуметтік дүкенінде 19 әлеуметтік маңызы бар тауарлар түрінің 16 түрімен қамтылған.

Жалпы 34,5 тонна құрайтын тауарға бірнеше рет сұраныс тасталынғанымен,  босатылған тауарлар көлемі тек 4,9 тоннаны құрап отыр. (күріш, қант, қарақұмық, өсімдік майы, ас тұзы, тауық жұмыртқасы,ұн).

2021 жылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауылының тұрғыны И.Жұмаханбетов 583,4 мың теңгеге қаржыландырылып 32 шаршы метр болатын жылыжай соғып, қияр өнімін толық егіп қойды.

Аталған кәсіпкерден бөлек Биназар ауылдық округінің тұрғыны Жакашев Игнар деген азамат 180 шаршы метр құрайтын жылыжай соғып, көкөністің түр-түрін егу бойынша жұмыстар жасауда. Негізгі бағыты қызанақ өсіру.

Аталған кәсіпкерлер қазіргі уақытта шаруашылығын дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грантқа қатысу үшін ниет білдіруде. Конкурс жарияланған уақытта қатысатын болады.(Тиісті құжаттары толық дайындалған)

Ауданның жеке кәсіпкері К.Бекбалаеваменкөлемі 800 шаршы метр құрайтын азық-түлік тауарларын сақтайтын қоймаға, құрылғылар сатып алу мақсатында төмендетілген пайыздық көрсеткіште несие алу үшін құжаттамаларын жинақтап, екінші деңгейлі банкке өткізді.Жетпеген қосымша құжаттарын толықтыруда. Қажетті сомма көлемі 15 млн.теңге

Қоймада картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат т.б. азық-түлік тауарларының түрлерін сақталатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.