Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалады

0 3  026

Прокуратураның Құқықтық мониторинг орталығында Сараптамалық кеңес пен Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің бірлескен отырысы өтті.

Аталған кеңеске «Атамекен» ҰКП өкілі, Тараз қаласы және Жамбыл ауданы әкімдерінің орынбасарлары, салық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлер қатысты.
Бірлескен кеңес отырысында жер, салық, жарнама заңнамалары саласындағы бұзушылықтар және жергілікті атқарушы органның мониторингтік топтарының заңсыз іс-әрекеттері талқыланды.
Басқосу барысында кәсіпкерлер прокуратураның жұмысына оң баға беріп, алғыстарын айтты.
Тек ағымдағы жылдың өткен кезеңінде облыстың прокуратура органдарымен 5,8 мыңнан астам бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды.
Бүгінде кәсіпкерлердің сұраныстары мен өтініштері бойынша жедел шаралар қабылдау үшін облыс, қала және аудан прокуратураларының жанында мобильдік топтар жұмыс істеуде. Онда кәсіпкерлер құқықтарын қорғау мақсатында жүгіне алады.
Кеңес қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою туралы ұсынымдар әзірленді.

Айдар Айнабала

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.