Қалалық қоғамдық-саяси газет

Кәсіпкер келіншектердің мәселелері шешілуде

0 407

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы желісі бойынша, ашылған сәттен бастап 1 маусымға дейін 207 әйелге қызмет көрсетілді және 839 қызмет алынды, оның ішінде (анықтама ретінде):

  1. Бизнес жүргізу сұрақтары бойынша кеңес – 207;
  2. Бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу-60;
  3. Оқыту -189;
  4. Тәлімгерлік-69;
  5. Қаржыландыруды тартуға оқыту-175;
  6. Халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу-92;
  7. Жабдық өндірушілермен консультациялар ұйымдастыру-47.

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан қызмет алушылардың негізгі санаттары: 20% көп балалы отбасылар, 7,2% NEET санатындағы жастар және т. б. болып табылады.

Негізінен, орталыққа 39-40 жас аралығындағы (76%), 17-29 жас аралығындағы (25%) әйелдер өтініш білдіреді. Өтініш білдірген әйел кәсіпкерлердің ішінде ауыл шаруашылығы саласында – 16 адам (14%), басқа – 98 адам (86%).

Бүгінгі таңда, кәсіпкер әйелдердің негізгі проблемасы мен қажеттілігі – бизнесті ашу немесе кеңейту мақсатында қаржыландыру қажеттілігі болып табылады.

Сондай-ақ, облыс әйелдерінің барлық санаттарын кеңінен қамту және қалыптасқан әйел-кәсіпкерлерге, әсіресе ауылдық жерлерде бизнесті дамытуда қолдау көрсету мақсатында «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығымен ынтымақтастық туралы Меморандумғақол қойылды.

Сонымен қатар, осы жоба аясында Жамбыл облысының оқыту орталықтары мен оқу орындарының арасында тігін өндірісі бағыттары бойынша және нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді дайындау бойынша тренингтер мен оқыту кәсіби курстарын ұйымдастыру үшін конкурс жарияланды.

Облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы (облыстың 10 ауданын қоса алғанда) 2022 жылы 1 421 кәсіпкерлік субъектілеріне 2 855 консультация берілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 15% – ға артқан(1213 кәсіпкерлік субъектілеріне 2 659 консультация).

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.