Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көшеге құрылыс қалдықтарын тастаған 173 тұрғынға ескерту берілді

0 538

Тазалық – денсаулықтың кепілі, мәдениеттіліктің көрінісі. Әсіресе шаһардың айнадай жарқырауы баршамызға айрықша әсер сыйлайтыны сөзсіз. Әрине, тазалық тек таза ұстаған жерде ғана орнайды. Алайда, мұны кейбір тұрғындар жете түсінбеуде.
Жаз мезгілі басталысымен құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан тұрғындардың жөнсіз әрекеті азаймай отыр. Осыған орай шаһар аумағында 1 мамырдан бастап құрылыс қалдықтарын және стихиялық қоқыс орындарын тазалау мақсатында бір айлық жарияланған болатын. Айлық аясында қала әкімінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері қала көлемінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Нәтижесінде, маусым айында 1.06.23 ж. – 29.06.23 ж. аралығында 176 кемшілік анықталды. Оның ішінде 173 тұрғынға ескерту беріліп, 3 тұрғынға айыппұл салынды.

Айта кетейік, жалпы мамырдан бастап салынған айыппұл көлемі 427 300 теңгені құрайды. 1.05.23 ж. –29.06.23 ж. аралығында 563 кемшілік анықталды, оның ішінде 539 тұрғынға ескерту беріліп, 24 тұрғынға айыппұл салынды.

Айыппұл мөлшері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабы бойынша 34 500 теңгені құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Құрметті қала тұрғындары!
Шаһар тазалығы мен оған қамқорлық жасау – әр азаматтың міндеті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.