Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көркем сөз шебері – Шерхан Мұртаза

0 367

Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың ұйымдастыруымен, Гидро кешеніндегі  N8-ші оқу залында «Су шаруашылығы институтының» «Экология» мамандығының 1-ші курс студенттерімен  «Көркем сөз шебері» тұлғатану сағаты өтті.

Жазушының өмірбаяны, жазған әдеби шығармалары және аудармалары таныстырылып, пьесаларынан үзінділер көрсетілді.

Әдебиет  сүйер қауымынан жақсы бағасын алған «Ай мен Айша» шығармасы – өткен ғасырдың қайғы-қасіретімен қоса, сол кезеңді басынан өткерген жетім баланың, жесір ананың мұңын арқау етеді.  Шер-ағаң  туған жерді сүюді, оған деген мәңгілік өшпес сағынышты, аналық данышпандық пен ағайындық мейірімнің, тағдырдың қатал соқпағының барын осы шығарма арқылы суреттейді.

1-ші курс студенттері Аружан Қүншырақ  «Қызыл жебе» романынандағы  Тұрардың қиын-қыстау өмірі жайлы, Дарын Амангелді  «Жүрекке әжім түспейді»шығармасынан екінші дүниежүзілік соғыс зардабын өзек еткені туралы баяндап берді.

6

7

                                                                                Кітапханалық-Ақпараттық орталықтың библиографы      

                                                                                Увалиева Шолпан Жексенбекқызы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.