Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Көрікті аула» байқауына қатысуға шақырамыз!

0 387

Құрметті тараздықтар!

Баршаңызды «Көрікті аула» байқауына қатысуға шақырамыз! Байқау «Жасыл желек – жердің көркі» қалалық жобасы аясында ұйымдастырылған.

«Көрікті аула» байқауын өткізудің ережесі

Жалпы ереже

1. «Жасыл желек – жердің көркі» қалалық жобасы аясында «Көрікті аула» байқауын өткізудің осы тәртібі байқаудың мақсаттары мен тапсырмаларын, қатысу шарттарын, көрсетілген байқау талаптарын, бағалау өлшемдерін, өткізу ретін, жеңімпаздарды марапаттау түрін анықтайды және байқау іс-шаралары аяқталғанша әрекет етеді.

Байқау жұмыстарына қойылатын басты талаптар:

1. Байқауға қаланың 11 аумағы толық қатыса алады.
2. Байқау Тараз қаласында өткізіледі.
3. Байқауға қатысушыларды бағалау 5 балдық жүйе арқылы жүргізіледі.
4. Байқауға қатысатындарға белгіленген өлшемдер:
– ауланың тазалығы мен абаттандырылуы;
– арық жүйелерінің жай-күйі;
– тал-дарақтардың егілуі, қырқылуы, гүлзарлардың егілуі;
– түнгі жарықпен қамтылуы;
– спорт және балалар ойын алаңшасының жағдайы;
– көркейтуге меценаттардың тартылуы.
5. Байқауға қатысушылар келесі құжаттарды ұсынады:
– нысанның мазмұны, орналасқан мекенжайы мен қызмет ерекшелігі,
байқаудың мақсаттары мен міндеттері және қойылған талаптарына сәйкес қысқаша сипаттамасы көрсетілген еркін үлгіде өтінім;
– растайтын фото және бейнематериалдар.

Байқау материалдарын ұсыну мен қарастыру мерзімі

1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.
Байқау материалдарын Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №53 «Б» мекенжайы бойынша 2023 жылдың 1 мамыр күні сағат 18.00-ден кешіктірмей тапсыру қажет.
2. Байқау құжаттары 3-4 мамыр күндері қаралып, жеңімпаздары анықталады.
Байланыс телефондары: 8 747 6119836. Е-mail: taraz.media@mail.ru

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.