Қалалық қоғамдық-саяси газет

Күрделі ота сәтті аяқталды

0 715

Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасында өкпе артериясы тромбоэмболиясының алдын алу үшін оң жақтағы мықын тамырын пликациялауға арналған күрделі операция жасалды.

Өкпе эмболиясының салдарынан болатын ауру түрін дер кезінде алдын алмаса, өлімге апаруы мүмкін. Тромбтың флотациялық басының деңгейінен жоғары пликацияны эндоваскулярлық емдеу әдістерін пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда міндетті түрде ота жасалады.
Мамандардың айтуынша, тамыр саңылауын қалпына келтіру – хирургиялық араласусыз, қауіпсіз уақытта дербес жүреді. Тамыр пликациясын бір мезгілде орындау негізгі хирургиялық араласудың операциядан кейінгі кезеңін қиындатпайды екен.
75 жастағы «Т.» есімді науқас оң жақ аяғындағы ауырсыну, ісіну маза бермей қойған соң, облыстық көпбейінді ауруханасына ауыр халде қабылдау бөліміне түседі. Мұқият тексеруден кейін хирургтар «оң жақ аяқтың тереңтамыр тромбозы» және «оң жақтағы илиумдағы флотациялық қан ұйығы» деген диагноз қойған. Содан кейін науқасқа хирургия бөлімінің меңгерушісі Виктор Ким және ординатор Арманали Ұлтарақовтың қатысуымен ота жасалды. Күрделі ота сәтті аяқталып, бүгінгі күні науқас үйіне шығарылған.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.